Алтай ауданына қарасты ауылдық округ әкімі "Chevrolet Niva" маркалы автокөлікпен тоқтап тұрған "ВАЗ 21099" көлігіне соқтығысқан.
ШҚО-да мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына түскен әкім қамауға алынды
1,814
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына түскен ауылдық округ әкіміне қатысты сот шешімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сараптама көрсеткендей, әкім жол апаты кезінде мас болған.

Осыған байланысты сот ісі аудандық сотта қаралды. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады.

"Сот шешімімен әкім 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сондай-ақ ол жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұл шешімге апелляциялық сатыдағы сотқа шағымдануға болады", – делінген хабарламада.