Кезекті 11-саммит келесі жылы Қырғыз Республикасында өтеді.
Түркі мемлекеттері ұйымының келесі саммиті Қырғыз Республикасында өтеді
584
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде келесі жылы саммит қай елде өтетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Кезекті 11-саммит келесі жылы Қырғыз Республикасында өтеді. Бүгін қабылданған шешімдер түркі елдерін одан әрі дамытуға ықпал ететіндігіне кәміл сенемін», – деді Қазақстан Президенті.

Ол саммиттің қорытындысы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылатынын жеткізді.

«Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды. Бабаларымыз «Тірлік басқа болса да – тілек бір, бармақ басқа болса да – білек бір» деген. Біздің Түркі ықпалдастығын нығайту жолындағы ортақ табысымыз – соның айқын көрінісі. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданады, құжаттарға қол қойылады. Оның бәрі Түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ аймақтағы ықпалдастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге зор үлес қосады деп сенемін», – деді Тоқаев.