Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті өзен жағасынан табылды, жергілікті полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қараша күні сағат 15:10-да Жайық өзенінің жағасынан Январцево ауылының 56 жастағы тұрғынының мәйіті табылды.
Бұған дейін ер адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.