Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Құрбыларының атынан 9 миллион теңге несие алған бойжеткен қамауға алынды
2,344
оқылды

Өскемен қаласында құрбыларының атынан 9 млн теңге несие рәсімдеген бойжеткен қолға түсті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан дерекке қарағанда, алдымен 23 жастағы қала тұрғыны полицияға жүгініп, алаяқтыққа тап болғанын айтқан.

"Өзімнің құрбым мені алдап соғып, 3 200 000 теңгеден астам сомаға онлайн несие ресімдеген. Мен мұны білген жоқпын, тек банк қызметкерлері қоңырау шалғанда ғана таныстым қарызыммен", - деген жәбірленуші. 

Осындай мәндегі арыз түскен соң тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Соның нәтижесінде 22 жастағы күдікті ұсталып, бөлімшеге жеткізілді.

Тергеу барысында қыздың осыған ұқсас тағы 2 алаяқтық жасағаны анықталды.

«Ол екі құрбысынан қоңырау шалып алу үшін ұялы телефонын сұрап, кейін банк қосымшасы арқылы 1 және 5 млн теңгеге несие рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп жазды ШҚО полициясы.