Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға 15 қараша күні қаладағы Шәкәрім даңғылында болған.
Асфальтта қимылсыз жатқан ер адамды байқаған куәгерлер полицияға хабар берген.
Алдын ала мәлімет бойынша, азамат екіқабатты тұрғын үйдің шатырында өлшеу жүргізіп жатқанда абайсызда құлап кеткен.
«Қазіргі уақытта бұл дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. 31 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.