Қызыл жалынды ауыздықтауда жеке құрамнан 6 адам және 2 техника жұмылдырылған.
Риддер тұрғынының қысқа әзірлеген 3 жарым тонна пішені өртеніп кетті
800
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы тұрғынының ауласында тұрған, малдың қысқы жемшөбіне әзірлеген 3 жарым тонна пішені өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласы Пролетарская көшесіндегі жеке тұрғын үйдің аумағында өрт шыққан. 

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Сол кезде ауладағы 3,5 тонна пішен өртеніп жатқан. Көп ұзамай өрттің беті қайтты», – деп жазды өрт сөндірушілер.

Алдын ала дерек бойынша, өрттің шығуына – отты абайсыз пайдалану немесе қасақана өрт қою себеп болуы мүмкін.