«Қазгидромет» синоптиктері бүгінгі ауа райына байланысты 14 облыста ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
3 қаңтар күні Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
3 қаңтарда Қостанай облысының солтүстік жартысында таңертең және күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанайда 3 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын болады.
3 қаңтарда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қарағандыда 3 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с-ке жетеді.
3 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылордада 3 қаңтарда кей уақытта тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Шымкентте 3 қаңтарда кей уақытта тұман түседі.
3 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Семейде 3 қаңтарда бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
3 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Павлодарда 3 қаңтарда бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.
3 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с. Өскеменде 3 қаңтарда бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
3 қаңтарда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда 3 қаңтарда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
3 қаңтарда Ақмола облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
3 қаңтарда түнде Қостанай облысында ауа температурасы – 23-28 градусқа дейін төмендейді.
3 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 25-30 градус аязға дейін күрт төмендейді.
3 қаңтарда түнде Ақмола облысында ауа температурасы 21-26, облыстың оңтүстік бөлігінде 13-18 градусқа дейін күрт төмендейді. Астанада 3 қаңтарда түнде 15-17 градус аяз болады. 3 қаңтарда түнде Павлодар облысында 20-25 градусқа дейін аяз болады.
3 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғып, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда 3 қаңтарда түнде 26-28 градусқа дейін аяз болады.
2-4 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 2-4 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 2 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, 3-4 қаңтарда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында 3-4 қаңтарда тұман күтіледі. 2 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.