Өскемен қаласында саябақта тұрған көлік Ертіс өзеніне сырғып, ағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, қаладағы «Самал» саябағында жүрген адамдар Ертіс өзенінде ағып бара жатқан автокөлікті көріп қалып, құтқарушыларға хабарласқан. Кейін анықталғандай, автокөліктің иесі машинасын тұраққа дұрыс қоймаған.
– Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағадан 100 метрдей жерде ағып бара жатқан Subaru Impreza маркалы көлікті көріп, судан алып шықты. Әуелі сүңгуірлер көліктің ішін қарап шыққан. Онда адам болған жоқ, – делінген хабарламада.
Қала тұрғыны көлігін тұраққа қойған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Соның салдарынан көлік өзенге қарай сырғып кеткен.