Бүкіл әлем көз тіккен Дүниежүзілік көш­пен­­ділер ойындары биыл 8-14 қыркүйек ара­лығында Астанада өтеді.
Астанаға 100 мың турист келеді
393
оқылды

Көшпенділер ойындарына 100-ден астам мем­лекеттен 4 000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді.

Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында, жабылуы 10 мың адамдық «Қазанат» ипподромында өтеді деп жоспарланған. «Қазанат» ипподромы аумағында «Көшпенділер әлемі» этноауылы құры­лады.

Бір күнде 30 мың келушіні қабылдайтын этно­ауылда Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны – «ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ».