Өзбекстан Олий Мәжілісінің Сенаты парламент палаталарының өкілеттіктерін елдің жаңартылған Конституциясына сәйкес өзгертуге бағытталған заңнаманы мақұлдады.
Өзбекстанда депутаттар  санын қысқартып жатыр
Азаттық радиосы
664
оқылды

Kazinform-ның жазуынша, парламент палаталарының бір-бірін қайталайтын өкілеттіктері нақтыланған, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Енді сенаторлардың жалпы саны 100-ден 65-ке дейін қысқарады.

Бұл ретте әрбір әкімшілік аумақтан 4 сенатордан сайланады, ал қалған 9 депутатты президент тағайындайды.

Сондай-ақ заң шығару палатасы спикерінің орынбасарлары 7-ден 2-ге дейін қысқарады.

Бұл ретте олар өз міндетін атқару кезеңінде фракция құрамында болмайды және саяси партияға мүшелігін тоқтата тұрады.

Бұған қоса заң шығару палатасы мен Сенатқа өзін-өзі тарату өкілеттігі беріледі.

Бұл жағдайда заң шығару палатасындағы жаңа сайлау 2 ай аралығында, ал Сенаттың жаңа құрамы бір ай ішінде жасақталуы тиіс.

«Сенаттың құрамы мен комитеттердің атауларын, сондай-ақ заң шығару палатасы спикері орынбасарларының саны мен мәртебесін айқындайтын заңның ережелерін 2024 жылы, кезекті шақырылымдағы Олий Мәжілісі палаталарының қызметі басталған кезде іске асыру жоспарланып отыр», деп мәлім етті Сенаттың баспасөз қызметі.