Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды.
Атырауда жолда көлік өртеніп, екі адам мерт болды
948
оқылды

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 4 ақпан күні сағат 15:30 шамасында республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Атырау-Астрахан" тасжолының 873 шақырым тұсында апат болған.

 

1958 жылғы Volvo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігіне соқтығысқан.

Салдарынан Mitsubishi Outlander автокөлігі өртке оранып, 1964 жылғы жүргізушісі мен 1965 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА