Көкшетауда Қылшақты өзенінде оқыс оқиға болды.
Көкшетауда өзенге батып бара жатқан 7 жасар баланы аман алып қалды
504
оқылды

Жеті жастағы бала жұқа мұз үстіне шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Абырой болғанда баланың мұз жарылып батып бара жатқанын байқап қалған ер адам құтқарған. 

– Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы 5 ақпан күні кешкі 19.00 шамасында Қылшақты өзенінде 2017 жылғы бала мұз ойылып, өзенге батып кеткен. Сол маңнан өтіп бара жатқан 27 жастағы жігіт суға батып бара жатқан баланы судан алып шыққан, – дейді Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Максим Шатковский.

Құтқарушылар жұқа мұздың үстімен жүрмеу керегін ескертті. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы