Тексеру кезінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмады.
Алматы облысында заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдік азаматтар анықталды
2,306
оқылды

Алматы облысында полиция қызметкерлері заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдік азаматтарды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасы мен көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлері «Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде Іле ауданы аумағында орналасқан қоқыс полигонынан Өзбекстан Республикасының 40 азаматын ұстады. Тексеру кезінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмады.

«Көрші елдің азаматтары көші-қон заңнамасын бұза отырып, аталған қоқыс полигонында заңсыз еңбек еткен. Шетелдік азаматтар жеке басын анықтау үшін Іле ауданы ПБ-ға жеткізілді. Олардың жеке басы анықталғаннан кейін, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады», – деді Алматы облыстық полиция бастығы Бауыржан Әленов.