«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 2024 жылғы 13-15 ақпан күндері еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, боран, қалың қар болып, жел күшейеді, тұман түседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осыған байланысты ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
«Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.
Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар», – деп ескертті ТЖМ өкілдері.
Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес беріледі.
«Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз. Барлық оқиғалар туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз», – делінген ТЖМ хабарламасында.