Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді.
Тарихи алтын: Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында алғаш рет Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: ҰОК
1,998
оқылды

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді. Қазақстандық спортшы, алдымен ваззари, кейін иппон ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының алтынын алып отыр. Ол турнирдің финалына өз мансабында алғаш рет шыққанын да айта кету керек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.