Бүгін іріктеуде Ұлттық құрама дзюдошысы Франция, Монтенегро (Қаратау) және Оңтүстік Корея спортшысын жыққан.
Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бақытжан Абдурахманов алғашқы жүлдесін алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
1,450
оқылды

Бақытжан Абдурахманов Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесінде қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жүлде жолында отандасымыз (-73 кг) Джошуа Гриннен (Ирландия) басым түсті. Бұл – Бақытжан Абдурахмановтың Grand Slam сериясындағы бірінші медалі.

Бүгін іріктеуде Ұлттық құрама дзюдошысы Франция, Монтенегро (Қаратау) және Оңтүстік Корея спортшысын жыққан. Ширек финалда, осы салмақтағы көшбасшының бірі, Үлкен дулыға турнирінде 4 мәрте топ жарған Махмадбек Махмадбековты (AIN) таза ұтты. Алайда жартылай финалда тағы бір ресейлік дзюдошы Данил Лаврентьевтен ары өте алмады.

Ұлттық құраманың өзге өкілдері Дархан Қойбағар, Данияр Шамшаев пен Дастан Шаяхметов жарысты іріктеу кезеңінде аяқтады.

Бұл салмақта елорда татамиінде барлығы 41 дзюдошы күресті. Әр салмақтың жеңімпазы әлем рейтингінде 1000, күміс жүлдегер 700, ал екі қола медаль иегеріне 500 ұпайдан қосылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.