Қамшыбек Коңқабаев – әлем чемпионатының екі дүркін, Азия чемпионатының төрт дүркін күміс жүлдегері.
Қамшыбек Қоңқабаевтың Елорда кубогіндегі бірінші жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталды
Фото: ҰОК
1,190
оқылды

Қазақстан құрамасының ауыр салмақтағы боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев Елорда кубогі"халықаралық турниріндегі бірінші жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы қырғызстандық Бектур Әлімбек Уулуны екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, Қамшыбек Коңқабаев – әлем чемпионатының екі дүркін, Азия чемпионатының төрт дүркін күміс жүлдегері. Сонымен қатар ол 2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада қола, 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында күміс медаль алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.