Ақжол Құрманбек күміс жүлдегер атанды.
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан алғашқы медалін алды
Фото: taldykorgan-online.kz
2,100
оқылды

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан алғашқы медалін алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақжол Құрманбек күміс жүлдегер атанды. 

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 285 (129+156) келіні көтерген. 

Алтын медальді египеттік Хуссейн Хамуда Абделрахман (286 келі), қоланы молдовалық Александр Балжи (282 келі) иеленді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.