Назым Қызайбай іріктеу турнирінің кезекті айналымына өтті.
Олимпиадаға іріктеу турнирі: Назым Қызайбай екінші қарсыласын жеңді
Фото: olympic.kz
1,424
оқылды

Қазақстандық Назым Қызайбай Бангкоктегі іріктеу турнирінде екінші кезеңнен өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 1/8 айналымға жолдама берер жекпе-жекте ол Оңтүстік Корея өкілі Джу Хен Чоннан басым түсті.

Қызайбай бірінші раундта сенімді жеңіп, екінші раундта қарсылас есепті теңестіруге тырысты. 

Десе де, төрешілер жеңісті Назымға берді. Осылайша, Назым Қызайбай іріктеу турнирінің кезекті айналымына өтті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.