Жарыс ережесі бойынша 1/4 айналымда жеңілген екі боксшы өзара кездесіп, соңғы квотаны сарапқа салады.
Олимпиадаға іріктеу турнирі:  Мұхамедсабыр Базарбайұлы кубалық боксшыдан жеңілгенмен жолдамадан қағылған жоқ
Фото: Бокс федерациясы
3,849
оқылды

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіліс тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 63.5 келі салмақта өткен ширек финалдық кездесуде Базарбайұлы кубалық Эрисланди Альвареске есе жіберді. 

Десе де, қазақстандық боксшы жолдама алу мүмкіндігін әлі жоғалтқан жоқ. Жарыс ережесі бойынша 1/4 айналымда жеңілген екі боксшы өзара кездесіп, соңғы квотаны сарапқа салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.