Олимпиада квотасы үшін өтетін кездесуде ол молдовалық Александр Паращивке қарсы шығады.
Боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада жолдамасына жақын қалды
Фото: ҰОК
1,722
оқылды

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) Олимпиада жолдамасына жақын қалды. Ол Бангкоктегі (Таиланд) турнирде тағы бір жеңіске қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл салмақта бес квота сарапқа салынып жатыр. Оның төртеуін жартылай финалға шыққан боксшылар иеленді. 

Тағы бір жолдамаға ширек финалда сүрінген боксшылар таласады. 

Қазақстандық спортшы жартылай финалға шыға алған жоқ. Сондықтан оған жолдамаға иелік ету үшін тағы екі жекпе-жекте жеңіске жетуі керек. 

Бірінші кездесуде Базарбайұлы колумбиялық Хосе Мануэль Вифараға қарсы шықты. Алғашқы раундта Мұхаммедсабыр алға шықса, екінші раунд қарсыласқа берілді. Ал үшінші раундта жекпе-жек тағдыры шешіліп, төрешілердің пікірі екіге бөлінді. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті.

Олимпиада квотасы үшін өтетін кездесуде ол молдовалық Александр Паращивке қарсы шығады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.