Балауса Мұздыман кәсіпқой мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Моника Сингх кәсіпқой бокста екінші рет жеңілді.
Балауса Мұздыман үндістандық боксшыны бірінші раундта нокаутқа жіберді
Фото: instagram.com/muzdi__
2,568
оқылды

Балауса Мұздыман (3-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ол Алматыда өткен бокс кешінде үндістандық Моника Сингхпен (5-1, 3 КО) кездесті, – деп жазды Sports.kz. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта Мұздыманның нокаутпен жеңіске жетуімен аяқталды.

Осылайша, Балауса Мұздыман кәсіпқой мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Моника Сингх кәсіпқой бокста екінші рет жеңілді. 

Айта кетейік, Мұздыман 2017 жылдан бері кәсіпқой жарыстарға қатысып келеді. Бірақ бірінші жекпе-жегінен кейін алты жылдық үзіліс болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)