Әлия Мақсұтқызы – Қазақстан намысын Олимпиадада абыроймен қорғаған алғашқы гимнаст.
Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды
Фото: instagram.com/aliya_yussupova15
1,064
оқылды

Қазақстан көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 30-31 мамыр күндері Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға "Құрметті бапкер" атағы берілді. 

Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарып келеді. 

Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиада ойындарына қатысып жүр. Париж Олимпиадасында Эльжана Таниева көркем гимнастикадан ел намысын қорғайды. 

Әлия Мақсұтқызы – Қазақстан намысын Олимпиадада абыроймен қорғаған алғашқы гимнаст. Ол 2004 жылғы Афины Олимпиадасында 4-ші, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 5-орын алған. 

Одан бөлек, Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның абсолютті чемпионы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.