Азия чемпионатында Ұлттық құрама топ жарды.
Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында алтын алды
Фото: Қазақстан велоспорт федерациясы
853
оқылды

Бүгін Алматы қаласында басталған велоспорттан Азия чемпионатында Ұлттық құрама топ жарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аралас командалық эстафетада Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова мен Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан 40 км жолды бәрінен жылдам жүріп өтті.

Уақыт:

1.Қазақстан – 51 минут 08 секунд.

2.Өзбекстан – 52:38

3.Гонконг – 53:15.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.