Бұл Елдос Сметовтің үшінші Олимпиадасы болмақ.
Елдос Сметов Париж Олимпиадасына баратын болды
Фото: olympic.kz
1,509
оқылды

Алматыда дзюдодан 60 келі салмақтағы үш балуан арасында өткізілген Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше,  аталған сынға Елдос Сметов жеңіске жетті. Ол бірінші белдесуде Мағжан Шамшадинді ұтса, екінші белдесуде Нұрқанат Серікбаевтан басым түсті. 

Айта кетелік, бұл Елдос Сметовтің үшінші Олимпиадасы болмақ. Ол бұған дейін Рио Олимпиадасында күміс, Токио Олимпиадасында қола медаль иеленген. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.