Қазір Заңғардың еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар.
Заңғар Нұрланұлы Азия теннис федерациясы рейтингінде бірінші орынға көтерілді
Фото: Теннис федерациясы
771
оқылды

Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, 15 жастағы теннисші ұпай санын 2 610-ға жеткізді. Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар жекелей сында алты кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. 

Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.

Қазір Заңғардың еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар. Соның үшеуінде жекелей, біреуінде жұптық сында қол жеткізген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.