Оқиға бүгін, 20 маусым күні сағат 20:00 шамасында болған.
Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: ШҚО Полиция департаменті
1,032
оқылды

Өскемендегі Есенберлин даңғылының бойындағы теміржол көпірінің маңында жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға бүгін, 20 маусым күні сағат 20:00 шамасында болған. КамАЗ бен Geely көліктерінің соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрметті көлік жүргізушілері, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!", – деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.