Өнер иесі өзіне жиі қойылатын сұрақтан шаршағанын жеткізді.
«Нүктесін қояйықшы»: Балжан Бидаш ажырасқаннан кейін өзіне көп қойылатын сұраққа жауап берді
Фото: instagram.com/bidash_official
5,817
оқылды

Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында актер Жахан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейін оқырман тарапынан өзіне көп сұрақ қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі сол сұраққа жауап беруді жөн санаған.

"Достар, шыны керек осы сұрақтардан шаршап кеттім. Бүгін нүктесін қояйықшы. Кім болсын үйленіп жатқанда "ажырасып кетемін" деп ойламайды. "Соңына дейін сол жанмен бірге бақытты боламын" деп ойлайды. Тағдыр емес. Қарым-қатынасымыз тоқтау керек уакытында тоқтады. Ажырасу кімге болсын оңайға соқпайды. Депрессияда болғанда көзің көрмей қалады ғой. Үй, дала қараңғы көрінеді. Маған да моральды тұрғыда оңай болған жоқ. Психолог жағаламадым. Тек депрессияда жүріп, уақыт өткізіп алмас үшін болашағыма жоспар құрдым. Жұмысымды қайта қолға алдым. Табыс табуға кірістім. Аяқтан тұру үшін бизнес тренингтерге бардым. Сол кезде бір бизнес-тренер ақыл-кеңесімен алға жылжуға шабыттандырған болатын. Ол кісі оқи ма, жоқ па, білмеймін, сол кісіге алғыс айтқым келеді… Осындай кезде жақындардың, жаныңда дұрыс кеңес беретін, жол көрсететін, қолдау көрсететін адамдар болуы маңызды өз қалпыңа келгенше", - дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.