24.kg жазғандай, бұл ақпаратты ТЖМ дағдарыс жағдайындағы басқару орталығы басшысының орынбасары Байзақ Оторбеков растады.
Қырғызстанда жүрген селден 5 адам қаза тауып, ондаған аула су астында қалды
684
оқылды

Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданында сел ағындары түсіп, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап, ол Абшыр-Ата елді мекенінде өзен жағасында алты адам сәкіде демалғанын хабарлады. Барлығын ағын алып кетті. ІІМ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бес адамның денесін тапты",  делінген материалда.

Қазіргі уақытта ТЖМ қызметкерлері селдің салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке басы анықталып жатыр.