Алдымен үйінде ата образына еніп, балаларына көрсеткен әншіні жақындары танымай қалды. Одан кейін мейрамханаға әнші шапан киіп, ақсақал болып барды.
Ұлы дала атасы: Төреғали Төреәлі тойға ақсақал болып барып, қонақтардың көңілін көтерді
890
оқылды

Эстрада әншісі Төреғали Төреәлі тойға ерекше образда киініп барып, қонақтарды таңғалдырды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Stan.kz жазғандай, өнер иесі контент түсіру мақсатында түрлі образ жасап, әлеуметтік эксперимент жасап жүр. 

“Әкел бер, микрофонды. Дариға қайда? 60 жасың құтты болсын, айналайын. Бауыржан екеуіңе бір ән айтып берейін. Мен Сафураның сыныптасымын, танып тұрсың ба? Танып тұрсың ба, кіммін? Өлеңді қой”, – дейді ол асаба жігітке.

Артынша эстрада жұлдызы "Найзағай көңіл" әнін орындап берді.

"Ата болып тойды жарып қайттым. Көңіл күй сыйладым ба? Балаларым да танымай қалды. Үйдегі атам да танып тұрған жоқ мені", – деп жазды әншінің өзі. 

Ал әншіге той иесі алғысын жаудырып, ақ тілегін айтты. Өнер иесінің тыңдармандары керемет әсер алдық деп ризашылық білдірді. 

"Төреғали ән салғанда, жұрт тамсанған”, “Ұлы дала атасы болды”, ”Керемет пранк болды. Әкем расында аң-таң болып қалды. Әжем арғы жақта "қай сыныптасым еді?" деп ойланып отырды. Тойды жардыңыз, әзіліңіз бен әніңізге рақмет. Ата-анам мен қонақтар өте-өте риза", – деп жазды оқырман қауым. 

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі бомж болып жүрген образда өзін таныған тұрғынға 50 мың теңге сыйлағанын жазған едік.