Қазақстан көкпаршылары 4:10 есебімен Қырғызстан құрамасына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Қазақ көкпаршылары көк бөрі сайысында Қырғызстан құрамасынан жеңілді
Фото: Туризм және спорт министрлігі
349
оқылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен көк бөрі сайысының финалында Қазақстан және Қырғызстан көкпаршылары алтын жүлдені сарапқа салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазанат» ипподромындағы өткен ақтық сын өте тартысты өтті. Қазақстан көкпаршылары  4:10 есебімен Қырғызстан құрамасына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, бүгін қазақ көкпаршылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.