Төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 1,8 млрд теңгені құрайды.
Ел аумағына 6,5 миллион қорап темекіні заңсыз кіргізбек болған
561
оқылды

ҚР ҚМА қызметкерлері көлік прокуратурасының үйлестірумен, ҰҚК Шекара қызметі және Маңғыстау облысының МКД қатысуымен Кедендік бақылау аймағынан тыс жасырын өтіп, Түрікменстан аумағынан әкелінген контрабандалық темекі партиясын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұсталған автокөліктің жүк қоймасында жолқұжаттарда көрсетілген тауарлардың орнына іс жүзінде темекі қораптары болған.

– 6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңгені, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 1,8 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта аталған дерек негізінде экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.