ТЖМ көліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Өткен тәулікте 4 бірдей автокөлік өртке оранды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
446
оқылды

Еліміздің өрт сөндірушілері өткен тәулікте 4 автокөліктің өртін сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарында болған.

– ТЖМ күштерімен 1 жеңіл автокөлігі және 3 жүк көлігінің жануы сөндірілді, зардап шеккендер жоқ,  делінген ТЖМ мәліметінде.

ТЖМ азаматтардан автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.