Үкімет инватаксиді жетілдіріп жатыр. Бұл қызметтің игілігі де, кемшілігі де жетерлік. Ең басты бір мәселесі сол, мүгедектігі бар адам бұл таксиге дәл қажет бола қалғанда тапсырыс бере алмайды.
Инватакси игілігі қолжетімсіз болып тұр
204
оқылды

Бір, тіпті бірнеше күн бұрын жазылуы тиіс. Проблеманы шешу үшін мемлекет алғаш рет такси агрегаторымен келісімге келді. Соның арқасында кемтар жандар «Яндекс.Такси» арқылы керек кезде такси шақыра алады. Басқа олқылықтардың орнын қалай толтырмақ? Неге қызмет көрсетушілер мен мүгедектердің ата-аналары арасында дау туындады?

Қолдауда өңірлердің әлеуеті қандай?

Республика бойынша инватакси қызметі 2010 жылдан бастап іске қосылды. Ол мүгедек арбасымен ғана қозғала ала­тын және жеке көмекші қызметімен қам­туға мұқтаж, жүріп-тұруы қиын І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарды қол­дау­дың қосымша шарасы, әлеуметтік жо­ба ретінде енгізілді. Бертінде бұл қыз­мет­ті тұрақты түрде ұсыну заңдастырылды. Кө­лік және коммуникация министрінің мін­детін атқарушы С.Сәрсеновтің 2013 жыл­ғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен «Ав­томобиль көлігімен мүгедектігі бар адам­дарды тасымалдау жөнінде қызметтер көр­сету қағидалары» бекітілді. Онда атал­ған қызметті көрсету шарттары реттелген. 

Содан бері ескі қағидалар бірнеше рет жаң­ғыртылып, талаптары өзгерді. Өзге­ріс­сіз қалғаны: инватакси қызметінің жұ­­м­ысын ұйымдастыру сол бұрынғыдай жер­гілікті әкімдіктерге жүктелген. Сал­да­рынан, қызметтің әлеуеті әр өңірде әр­түрлі, ол жергілікті бюджеттің мүм­кін­дік­теріне тәуелді. Жергілікті билік мү­ге­дектерді алып жүру үшін жабдықталған кө­лігі бар үкіметтік емес ұйымдар, кәсіп­кер­лік нысандары арасында тиісті мем­ле­кеттік әлеуметтік тапсырыс орна­лас­тырады.

Мысалы, елордадағы қызмет өңірлер үшін арман болса керек. Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, 2024 жы­лы қалада инватакси саны бірден 30 бір­лікке артты. Егер былтыр елордада ма­мандандырылған осындай 117 көлік бол­са, қазіргі кезде саны 147-ге жеткен. 

– Инватакси мүгедектігі бар жандарға тең мүмкіндіктер жасайды, әлеуметтік ин­теграциялануына, өмір сүру сапасының артуына, қозғалу еркіндігін жақсартуға әсер етеді. Маңызды проблема – кресло-ар­­­­бамен қозғалатын мүгедектігі бар жан­дарды тасымалдауға арналған, маман­дан­дырыл­ған машиналардың жетіспеушілігі. Жыл сайын инватакси санын көбейтіп жа­тырмыз. Бұрын 50 машина болса, ал­ғаш­қы кезеңде 113 машинаға дейін арт­тыр­дық. Қазір инватакси саны – 147. Бұл да қаланың қажеттілігін толық қамти ал­­­­­майды. Сол себепті олардың санын арт­тыру­ды ары қарай да жалғастырамыз, – деді әкім Ж.Қасымбек.

Салыстырғанда, мысалы, бүкіл Қы­зыл­­орда облысында мұндай 40 машина ға­на қарастырылған. 

«Биыл облыста инватакси қызметін 40 ав­токөлік жүзеге асырады. Атап айтқанда, ау­дандарда – 23, Қызылорда қаласында – 14, Байқоңыр қаласында – 3. Оның ішін­де 11 автокөлік қана кресло-арбамен жү­ре­тін мүгедектігі бар адамдар үшін бейім­делген. Сол 40 автокөліктің қызме­тін қамтамасыз етуге 2024 жылғы бюджет­тен барлығы 124,3 миллион теңге бөлінді. 2024 жылы «Халық банк» АҚ Қызылорда мен Байқоңыр қалаларына 2 инватакси көлігін сыйға тартты», – деп хабарлады облыс әкімдігі. 

Аналар неге жылайды?

Бүгінде қарапайым көліктердің өзі қым­­баттап кетті. Мамандандырылған м­а­­шиналар бағасы одан жоғары бол­ған­дық­тан, көптеп сатып алуға жергілікті бюд­жеттердің жағдайы келе бермейді. Әкім­дік қызметкерлері айтқандай, бір ин­ватаксидің сатып алу құны 23 миллион тең­ге тұрады. Оның онын сатып алуға 230 мил­лион қаржы қажет болар еді. Алайда об­лыс әкімдіктері инватакси қызметін көр­сетуге жыл сайын 100-200 миллион тең­ге ғана бөле алады. Табысы аз болған­дық­тан қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер жаңа арнайы көліктерді сатып алуға ын­талы емес, ол өзін-өзі ақтамайды. Сон­дық­тан сала демеушілерге зәру.

Салаға маманданған «Оңтүстік Қазақ­стан облыстық оңалту қызметін көрсететін орталығы» корпоративтік қорының бас­шы­сы Бейіржан Қазахановтың түсін­діруін­­ше, қағида бойынша І топтағы мү­ге­дектігі бар, қозғалуы қиын, жеке кө­мек­шіні, мүгедектер арбасын қажет ететін бар­­­лық адам инватаксиді пайдалана ала­ды. Шынында, іс жүзінде такси бәріне бір­дей жете бермейді. 

«Инватакси – жергілікті бюджеттер қар­жыландыратын қызмет. Әкімдіктер «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ар­қылы сол қызметті сатып алады. Атал­ған критерийлерге сәйкес келетін барлық мү­гедек жан инватаксимен қалаларда, об­лыс орталықтарында тегін жүре алуы тиіс. Инватакси жетпейтіндіктен, қызмет көр­сетуде тек жұмыс істейтін және оқи­тын мүгедектерге басымдық беріледі. Бұрынғы заң бойынша инватакси қызметі бір көзден сатып алынатын және бірден 3 жылға келісім бекітілетін. Алайда 2023 жыл­дан бастап, ішкі мемлекеттік аудит де­партаменті үш жылдық келісім жасасуға рұқсат етпей қойды», – дейді сарапшы. 

Бейіржан Қазаханов инватакси қоз­ғалу мүмкіндігінен айырылған азамат­тар­дың дәрігерге, әлеуметтік мекемелерге, жұ­­­­мысына, оқу орнына баруы үшін жиі қа­жет болатынын айтады. Дүкенге, қо­нақ­қа, ойын-сауық орталығына, бассейн­ге, спорт кешеніне барғысы келетіндерге оны пайдалануға рұқсат етілмейді. Егер мемлекет кеңпейілділік пен қамқорлық та­нытып, кемтар жандарды қалаған же­рі­не тасыса, олардың әлеуметтенуіне, қо­ғам­ға еркін кірігуіне, толыққанды өмір сүруіне септесер еді. Ол болмаған соң, он­сыз да жарымжан жандар өзін қоғам­ның қоры сезінеді, үйлерінен шыға алмай отырады. 

коллаж: Елдар ҚАБА

Астана мен Алматыдан басқа жергілік­ті бюджеттердің мардымсыз қаржылан­дыруы, инватаксидің тапшылығы салда­ры­нан мүгедектігі бар балалардың ата-ана­лары және инватакси қызметін көр­­сетушілер арасында дау-жанжал туын­дап тұрады. Соңғылары өз аяғымен жү­ре алатын балаларды тасуға құқығы жоғын айтады. Мысалы, инватакси қызметін көр­сететін «Қамқор жүрек» мүгедектердің қо­ғамдық бірлестігі өкілдерінің айтуын­ша, оларға ІІ топтағы мүгедек балалардың ата-аналары тасымал бойынша көмек сұ­рап жүгінеді екен. Бұрын ІІ топтағы жарымжан жандарға да инватакси қызметі ұсынылатын. 

«Біз аналарға енді мұндай балаларға қа­ғида бойынша қызмет көрсете ал­май­тынымызды түсіндіреміз. Тек кресло-ар­­ба­мен жүрсе және су қараңғы зағип болса ға­на қызмет ұсынуымызға рұқсат. Мұны ес­тіп, аналар қатты налиды, еңіреп жы­лай­ды. Кейбірі ашынып, айғайлап, қыз­мет көрсетуді талап етеді. Қолдарында бар­лық құжаты, дәрігерлік-консуль­та­тив­тік комиссияның (ДКК) анықтамасы, мү­гедектік диагнозы бар. Біз не істей ала­мыз? Не қағидалар өзгертіліп, бар­лы­ғы­на бірдей көмек ұсынуға мүмкіндік беруі керек, немесе ДКК анықтамасын беру ісін бақылауға алуы қажет», – дейді бір­лестік өкілдері.

Қызмет алушылар санаты кеңейтілсе жөн

Қоғам белсендісі,  қазіргі кезде ерекше ба­ла­сы­ның күтімімен отырған ана Ш.Сү­гір­бекова бұл проблеманы біраздан кө­те­ріп жүр. 

– Басқаны айтпағанда, Алматының өзін­де менталды және физикалық бұзы­лы­сы бар балаларды ата-аналарының қа­ла­ған жеріне апаруы, тасымалдауы мә­се­лесі өткір тұр. Мысалы, аутизмге шал­дық­қан балалардың ата-аналары ба­ла­сы­ның неофобиясының ауыртпалығын күн сайын жан-тәнімен сезеді. Мұндай ерек­ше балалар қарбалас тірліктен, шудан, адамдардың көп жиналуынан, жаңа нәр­сенің бәрінен қорқады. Салдарынан, олар қоғамдық көлікпен, автобуспен, метромен жүре алмайды. Сол жерде баланың бойын қат­ты үрей буса, ата-аналары және дәрі­гер­лер қол жеткізген жетістіктің бәрі жо­ғалуы, зая кетуі мүмкін, – дейді қоғам бел­сендісі. 

Қоршаған ортасының қысымына жүй­ке психикасы шыдамай шыңғырған, жы­лаған кеміс балаларға жекіріп, жер-же­біріне жететін, шығуын талап ететін же­тесіз жолаушылар кездесетін көрінеді. Бұл да ерекше балаларға және олардың ана­лары­на алапат стресс. 

«Аутизмге душар болған балалардың ана­ларының шамамен 99%-ы жұмысын тастап, бала күтімімен үйінде, жұмыссыз отыруға мәжбүр. Қазақстанда халық он­сыз да аз, жұмыс күші тапшы. Сондай-ақ түр­лі дәрігерлердің, логопед-де­фек­то­логтің, эрготерапевттің, ЛФК, АВА тера­пия­ның және басқа қызметтердің бағасы қым­баттап кетті. Ай сайынғы шығын 300 мың теңгеден асуы мүмкін. Салдарынан, ерекше балалары бар отбасылардың мате­риал­дық жағдайы төмен. Егер мұндай мү­ге­дектігі бар балаларға да инватакси қыз­меті көрсетілсе, ата-аналардың қолы бел­гілі бір уақытқа босап, жұмыспен, кә­сіп­п­ен айналыса алар еді. Биліктегілер біз­ді естісінші!» – дейді Ш.Сүгірбекова. 

Алматы әкімдігінің жанындағы Қо­ғам­дық кеңес ата-аналардың бастамашыл то­­бының өтінішін қарай келе, диагно­зы­ның ауырлығына байланысты қоғамдық кө­лікпен қозғала алмайтын балалардың үлкен санатын да инватаксимен қамтуды қол­даған. Осы және басқа ұсынымдар қол­даныстағы қағидаларда белгіленген «тек кресло-арбамен жүретіндер» деген та­лапқа маңдай соғып тоқтайды екен. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігі жергілікті әкімдіктің әлеуе­ті жетіп жатса, инватакси қызметі көр­сетілетін санатты кеңейтуге бола­ты­нын түсіндірді: 

«Инватакси қызметін ұсыну рес­пуб­лика бойынша Автомобиль көлігімен мү­гедектігі бар адамдарды тасымалдау жө­­­­­нінде қызметтер көрсету қағидалары­мен реттеледі. Бірақ қатаң тыйым жоқ. Жер­гілікті бюджеттің мүмкіндіктері жет­се, жергілікті атқарушы органның ше­­­­­шімімен инватакси қызметі ұсы­ны­ла­тындардың санатын, сондай-ақ олар бара­тын жеткізу пункттері мен объектілер тізі­мін кеңейтуге рұқсат етіледі», – деп ха­бар­лады ведомство. 

Алайда бұл барлық жауапкершілікті әкім­дерге аудара салуға ұқсайды. Қоғам бел­сенділері мәселе шешімін табуы үшін ин­ватакси қызметі республикалық бюд­жеттен толық немесе қосымша қар­жы­ландырылса дейді.

Ілкімді жобаның игілігі неде?

Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі Светлана Жақыпова инва­так­си машиналарының тапшылығы проб­­­­­­лемасын шешу үшін былтырдан бас­т­ап, «Астана және Алматы қалаларында такси агрегаторлары арқылы инватакси қызметтерін көрсету» пилоттық жобасы іске қосылғанын мәлімдеді. Айта кету керек, бұл жобада мүгедектер таксиді жиі қолдана алмайды, оларға әр өңірде такси қыз­метін пайдалану сағаты шектеледі, ли­мит белгіленген. Сондай-ақ таксимен бара алатын объектілер саны да шектеулі. 

Министрліктің дерегінше, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедек­тігі бар адамдар қос мегаполисте агрега­тор­лар арқылы инватакси қызметіне 114,1 мың рет тапсырыс берді. Салыстырсақ, 2023 жылдың қорытындысында инватакси қыз­меті 53,9 мың рет көрсетілген.

Еңбек министрі инватакси  қызметі­нің проблемасы көп екенін білетінін жет­кізді. Мысалы, азаматтар қызмет алу үшін кем дегенде бір күн бұрын телефон ар­қы­лы жазылуы қажет. Сондай-ақ көлігі сын­са, инватаксиді ұзақ күтуге мәжбүр. Ма­ши­наның тапшылығы – бір төбе. Сон­дық­тан министрлік екі қала әкімдігімен бір­лесіп, тиісті көлігі бар такси агре­га­тор­ларын осы қызметке тартудың пилоттық жоба­сын бастады. 

Бұл ретте басты шарт – агрегатор мұн­дай сапарлардың ақысына пайызын, ко­мис­сиясын қоспауы тиіс. Содан Яндекс әзір­ге пилоттық жобаға өтеусіз негізде қа­тысуға ниет білдірді. Сондықтан пилот­тық жоба шеңберінде мүгедектер де Ян­декс Go мобильді қосымшасы арқылы Ин­ватакси қызметін қолдана алады. Бұл кө­лікті тезірек таңдауға, онлайн режи­мін­де тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жа­салған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосым­шада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ес­кертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экра­ны іске қосылды.

Мұнда кілтипан бар: ілкімді жобаға ал­ғашқы кезеңде Астана мен Алматыдағы бар­лық мүгедектігі бар адам емес, тек фо­кус-тобы қатысады. Еңбекмині болашақта жаңа форматтағы сервисті мүгедектердің басқа тобына кеңейту және елдің барлық өңірінде кеңінен қолдану жоспарланып отыр­ғанын жеткізді. Ол да жергілікті бюд­жеттердің әлеуетіне тіреледі. 

Жалпы, инватакси қызметі жетілдірі­ліп, соған мұқтаж жанның бәріне қолже­тім­ді етілсе игі. Сонда тағдырдан теперіш кө­ріп, жанары жасаурап, мемлекет пен қо­ғамнан мейірім күткен мүгедек жан­дардың жабырқау тартқан көңілдері кө­теріліп, өзіне деген құрметтің жылы лебі жандарын жылытары даусыз.

Айхан ШӘРІП