Ол белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді.
Қазақстандық жеңіл атлет Франциядағы Le Lion турнирінде топ жарды
Фото: ҰОК
604
оқылды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.       

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ол белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді.  

Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі – 01:09:58.

Сонымен бірге эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.