Өнер иесінің айтуынша, қарсы тарап сот ісі кезінде жалған ақпарат ұсынып, процесті қиындатып отыр.
Үйге толық төлем жасамаған: Жұлдыз Әбдікәрімованың ісіне қатысты алғашқы сот отырысы өтті
zhuldyzabdukarimovaofficial
556
оқылды

Жақында алаяқтық дерегі бойынша сотқа шағым түсірген танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алғашқы сот отырысы туралы ақпарат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Менің апелляциялық шағымым бойынша қалалық сотта алғашқы отырыс өтті. Әзірге көңілім толады немесе толмайды деп айта алмаймын. Себебі ұсынылған дәлелдер толық қаралып біткен жоқ. Алайда қарсы тараптың еш дәлелсіз сотқа жалған ақпарат ұсынып, шатастырмақ болған сәттері бар. Қалай болғанда да сот екі тараптың дәлелдерін тексеретініне сенемін", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, сот екі жаққа өзара келісімге келуді ұсыныпты. Алайда екі жақ та өз айтқанынан қайтпай, соттасуға шешім қабылдапты.

"Үйге толық төлем жасалмады" деп айды аспаннан шығарды. Өздеріңізге мәлім, мен бұл құрылыс компаниясын екі жыл жарнамаладым. Келісімшарт бойынша барлық сома өтелді. Жарнамалық келісімшартты іске дәлел ретінде тіккенімді сот назарына тағы бір ескертемін. Үйге толық төлем жасалғаны, үйіме қоса паркингті сатып алып, ақшасын әлі күнге бермегендігі жайында келісімшарттар мен түбіртектер бар", – деп отыр өнер иесі. 

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова бұған дейін алаяқтарға алданып қалғанын айтып, заңгерлерден көмек сұраған еді.