Дүбірлі додаға 15 елден 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олар 9 күн бойы өзара сынға түсіп, швейцар жүйесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жүлде қоры – 50 мың АҚШ доллары. Сонымен қатар бұл жарыс Қазақстан кубогінің екінші кезеңі болып саналады.
Алғашқысы мамыр айында Ақтөбеде өтсе, үшіншісі қазанда Павлодарда ұйымдастырылады. Ал финал жеңімпаздарының тізімі қарашада Астанада белгілі болады.
Жалпы, халықаралық деңгейдегі осындай сайыс Өскеменде бірінші рет өтіп жатыр. Еліміздің Шахмат федерациясы өкілдерінің айтуынша, бұл осы спорт түрін еліміз бойынша танытуға мүмкіндік береді. Өңірде шахмат ойынын мектептерге енгізіп, шахмат үйін ашу жоспарланып отыр.