Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келді.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс берді
Фото: Zakon.kz
135
оқылды
Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік кеңесшісінің сөзінше, бүгін – өте маңызды күн. Еліміздің әр азаматы өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, өз дауысын бере алады. Сонымен қатар  Карин ерте келіп дауыс беруінің сырымен бөлісті.

"Сайлау учаскесіне таңнан келіп, дауыс беру әдетіме айналған. Сонымен қатар өте ыңғайлы. Адамның легі аз. Одан кейін өз жеке жұмыстарыңмен де айналыса беруіне уақыт бар. Мысалы, қазір мен достарыммен кофеханада кездесемін. Сондықтан ерте келіп дауыс беру мен үшін дәстүр емес, бала кезімнен қалыптасқан әдет", дейді ол.

Дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.

Референдумға 30 шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйымның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) атынан 177 байқаушы қатысады.

Дауыс беру барысын 14 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, соның ішінде Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан орталық сайлау органдарының төрағалары да бақылап отыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 37 елден 200 шетелдік журналисті аккредиттеді, олар да республикалық референдумды бақылап, ақпарат таратады.

Елімізде барлығы 10 323 сайлау учаскесі жұмыс істейді, сонымен қатар  59 елде шетелдік мекемелерде ашылған 74 сайлау учаскесі бар. Референдум нәтижелері дауыс беру күнінен бастап жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.