Түркістан облысында ақ жаулықты әжелер учаскеге келіп, референдумда өз таңдауларын жасады.
Ақ жаулықты әжелер референдумда дауыс берді
134
оқылды

Түркістан облысында ақ жаулықты әжелер учаскеге келіп, референдумда өз таңдауларын жасады. Созақ ауданы “Теріскей” сайлау учаскесіне келген Рысты Райымқұлова мен Сәуле Әбішбекова бүкіл еліміз үшін маңызды күні өз азаматтық үлестерін қосып, дауыс берді. 

Айта кетейік, бүгінде облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. ҚР Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен. 

Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр. 

Дауыс беруге алғашқы келгендерге арнайы сыйлықтар табыс етіледі. 

Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.

Назгүл Назарбек,

Түркістан облысы