Әнуар Сандыбаев Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша өтіп жатқан референдумда дауыс беруге алғашқылардың бірі болып қатысты.
Әнуар Сандыбаев: Әркім өз таңдауын жасауы керек
114
оқылды

Ақтөбелік Әнуар Сандыбаев көпшілікке жүрегі кең, мейірімді жан ретінде танымал. Бірнеше жыл ол «Asar-ume» қайырымдылық қорының еріктісі ретінде өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға көмектесіп келеді. Бүгін ол Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша өтіп жатқан референдумда дауыс беруге алғашқылардың бірі болып қатысты. №90 сайлау учаскесінде дауыс берді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Таңертең ерте келіп, дауыс бергім келді. Күнімнің алғашқы сәтін ел үшін маңызды оқиғамен бастағым келді. Дауыс беруге құқығы бар әрбір адам келіп, өз таңдауын жасауы керек деп санаймын»,  деп атап өтті Әнуар Сандыбаев.

Бүгін Ақтөбе облысында барлығы 530 сайлау учаскесі жұмыс істей бастады. Дауыс беруге облыстағы 569 мыңнан астам тұрғын қатысуға құқылы.

Айта кетейік, бүгін Ақтөбе облысында қоғамдық көлікпен жол жүру тегін. Автобустар таңғы сағат 6:00-ден бастап жұмыс істей бастады.

Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Ақтөбеліктер өз сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ өзге де ақпаратты тәулік бойы 109 қысқа нөмірі бойынша біле алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.