Жалпы, Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінің аумағында 24 учаске ұйымдастырылды.
Сарбаздар да дауыс берді
127
оқылды

Қарағанды гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің сарбаздары алғаш рет АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға қатысты.

Жалпы, Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінің аумағында 24 учаске ұйымдастырылды. Осы уақытта Қарулы Күштерде сарбаздар мен курсанттардың көпшілігі өз таңдауын жасады. Офицерлер мен сержанттар құрамы, сондай ақ азаматтық персонал тұрғылықты жері бойынша дауыс беріп жатыр.

Еліміздегі маңызды оқиғаның куәсі болдым. Өзім Ақтас кентінің  мәдениет үйіне қарулас достарыммен дауыс беруге сайлау учаскесіне бардым. Осы жерде өз дауысымды бердім. Біздің елде сайлау әділетті өтеді деп нақты айта аламын. Қазақстан Республикасының патриот азаматы, Отан қорғаушы сарбаз ретінде барша отандасымды референдумға атсалысуға шақырамын, дейді 44803 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Ерболат Бауыртай.

 Ерте келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс бергендерге тәттілер сыйға үлестірілді.