БҚО ПД Криминалдық полиция басшысының орынбасары Артур Мұсағалиев алаяқтар азаматтарды алдаудың неғұрлым күрделі тәсілдерін ойлап табатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Мой город» басылымының мәліметінше, алаяқтар ықтимал жәбірленушіге қоңырау шалып, байланыс операторлары ретінде өздерін таныстырған соң кодты абоненттің телефонына жібергендерін айтады.
«Алаяқтар: «егер сіз осы кодты хабарласаңыз, онда сіз өз деректеріңізді eGov-та көре аласыз» дейді. Бұл – арамниеттілердің алғашқы қадамы. Одан кейін басқа адам қоңырау шалып, өзін полиция немесе Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырады. Олар жәбірленушіні бұған дейін қоңырау шалушы алаяқ деп сендіреді және кодты алғаннан кейін барлық ақшаны аударып алады. Құтқару ретінде жалған қызметкер жәбірленушінің барлық қаражатын басқа, қауіпсіз шотқа аударуды ұсынады. Қазіргі уақытта осы схема бойынша алданған БҚО тұрғындарының саны артып келеді», – деді Артур Мұсағалиев.
Қазіргі уақытта алаяқтар БҚО тұрғындарының 700 миллион теңгесін қағып алған. Тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға шақырады.