Дауыс берушілер «Алаш арыстарымен» суретке түсу мүмкіндігіне ие болып, өткен тарихқа ой жүгіртті.
Маңғыстауда  «Алаш арыстары» дауыс беру учаскелерін аралап,  халық қошеметіне бөленді
113
оқылды

Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында 6 қазан – Референдум күні Алаш арыстарына арналған «Аманат» спектаклін сахналау  жоспарланған. Ел келешегі үшін елеулі күні ұлт көсемдерінің кейпіндегі әртістер сайлау учаскелерін аралап, тарихи тұлғалардың өнегесін көпшілікке жеткізді.

Сайлау учаскелерінде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шәкәрім Құдайбергенұлы, Мұстафа Шоқай, Жалау Мыңбаев сынды ұлт қайраткерлерінің және төкпе жыр жүйрігі Сүгір жырау Бегендікұлының кейпіндегі өнер өкілдері елдің саяси бағдарын айқындайтын маңызды науқанға қолдау көрсетті.

Дауыс берушілер «Алаш арыстарымен» суретке түсу мүмкіндігіне ие болып, өткен тарихқа ой жүгіртті.

– Алаш айбынын асырған арда тұлғалар болмысы сайлаушылардың отансүйгіштік сезімі мен азаматтық белсенділігін арттыруға септесті, –дейді маңғыстаулық тұрғын.