Халықтың жалпы санының 51,77%-і дауыс беріп үлгерді.
Халықтың басым бөлігі референдумға белсене қатысуда – Нұртөре Жүсіп
271
оқылды

Бүгін – бүкілхалықтық референдум! Ел ертеңіне қатысты аса маңызды шешім қабылданатын күн. Бұл туралы сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сенатор 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77%-і дауыс беріп үлгергенін атап өтті.

– Бұл көрсеткіштен не ұғуға болады? 

“Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады. Демек, халықтың басым бөлігі референдумға белсене қатысуда.

Республика азаматтары учаскелерге барып, өздерінің конституциялық құқығын білдіріп жатыр. 

Еліміздегі соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың үлкен нәтижесі осындай маңызды шешімдер қабылдау кезінде айқын көрінеді, – деді Нұртөре Жүсіп.