Әбдіжаппар Әлқожаға алғыс білдірді.
Әбдіжаппар Әлқожа Мейрамбек Бесбаевтың сәбиіне азан шақырып ат қойды
Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha
933
оқылды

Жақында үшінші сәбиі өмірге келген әнші Мейрамбек Бесбаев Әбдіжаппар Әлқожаға алғыс айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Мейрамбек Бесбаев қуанышты хабарды бірінші болып Әбдіжаппар Әлқожаға жеткізгенін айтты. Ол сәбиге азан шақырып ат қойған.

“Әбдіжаппарды ортаға алып, әңгімені осыдан бастасам деп тұрмын. Досы екеуі "Аға, көкпар беріңіз" деді. Содан ниеттенейікші деп, Тараздың төрінде үлкен көкпар бердік. Артынша елдің дұғасы қабыл болып, Айзиядай қызымыз келіп отыр. Ең бірінші осы хабарды естіген кезде мен Әбдіжаппарға хабарластым. "Келші, ешкімге айтпайтын сырым бар" дедім. Қуанышым қойныма сыймай жатты. "Әбдіжаппар, сенің осы кішкентай ниетіңе осындай жағдайлар болды. Құдай қаласа, ұл бола ма, қыз бола ма, атын өзің қойып, азан шақырасың" дедім. Бұл қожаның баласы ғой. Көп нәрсені бізден жақсы біледі", – деді Мейрамбек Бесбаев. 

Айта кетейік, әншінің қызына Айзия деген есім берілген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.