Шенеуніктер 3,8 млрд теңгеге немқұрайлы себептерімен сатып алудан бірқатар бас тартуды жүзеге асырғаны анықталды.
Ақмола облысында 8 лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Фото: istockphoto.com
422
оқылды

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алудан заңсыз бас тартқаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Облыс прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңын бұза отырып, жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге немқұрайлы себептерімен сатып алудан бірқатар бас тартуды жүзеге асырғанын анықтаған.

«Мысалы, ауданның құрылыс бөлімдерінің бірі объектінің күрделілік деңгейін дұрыс көрсетпеу, бас жоспардың және басқа да құжаттаманың болмауы себебінен мемлекеттік сатып алудан бас тартқан. Бұл негіздер мемлекеттік сатып алудан бас тарту және одан әрі шарт жасаспау үшін қолданылмайды (Заңның 5-бабы 13-тармағы). Осылайша, мемлекеттік органдардың аталған заңсыз әрекеттері кәсіпкерлердің құқықтарын, адал бәсекелестік қағидатын бұзады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді», – деп хабарлады прокуратурадан.

Облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.