Астана қаласында 22 жастағы қыздың мәйіті табылды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, марқұм көпқабатты үйдің 24-қабатынан құлап кеткен, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, 18 қазанда сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция бөліміне подъездің жанында тіршілік белгісі жоқ қыздың жатқаны жөнінде ақпарат түскен.
- Полицейлер оқиға орнына жеткеннен кейін 22 жастағы марқұмның кім екені анықталды. Қыз биіктен құлап кеткен, - деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.