Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жолдасы Raim-ға жазба арнады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші күйеуінің өнеріне жоғары баға берген.
"Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі – бір альбом. Әр альбомы, әр әні ерекше. Бір әнім «хит» болды екен деп соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, Ол – RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты. Жаным, барлық арман, мақсатыңа жет", – деп жазды Ерке Есмахан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.