Белгілі ақын, сазгер, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті.
«Армандарымен бөліскен еді...»: Дина Төлепберген марқұм ақын Құрманай Бахтиярқызы туралы айтты
Коллаж: Aikyn.kz
11,695
оқылды

Тележүргізуші Дина Төлепберген марқұм ақын Құрманай Бахтиярқызы туралы естелігін бөлісті, – деп жазды Aikyn.kz.  

«Жақында ғана Шымкентте бір дастарқанда сүбелі сөздеріне тамсанып, таңдай қаққан едік. Ашық-жарқын Құрманай ханым алдағы армандарымен бөліскен еді. Тіпті, сұхбатқа қайта шақыруды ұсынғанда келетінін айтқан еді… Бірақ енді ол мүмкін емес…

Сақтай білсек сергелдеңде сабырын,

Тура жолға бағыттайды Тәңірім!

Мына өмірде біз білмейді екенбіз,

Тірі адамның қадірін…

Құдайым жаныңызды жәннаттан етсін, Қазақтың қаламы қарымды Құрманайы», - деп жазды журналист.

Құрманай Бақтиярқызы Асқар Жүнісбековтің орындауындағы "Толғанай", Серік Ибрагимовтың "Вокзалда қауышқан қыз", "Жаяу", "Алау" тобының орындауындағы "Гүл әпше", Кәмшат Жолдыбаеваның "Сүйіктім", Алтынай Жорабаеваның  орындауындағы бірнеше әннің сөзін жазған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.