Қаржы министрі Мәди Такиев елімізде үнемделген бюджет қаражаты есебінен сыйақы беруге тыйым салынғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Министрдің айтуынша, енді үнемделген бюджет қаражатын сыйақы қорына аударуға болмайды.
– Бұл туралы көптен бері айтқым келіп жүрген. Қаржы министрлігі есепшот арасында сыйақы ретінде қаржы аударуға тыйым салды. Тиісінше, шенеуніктер үнемделген қаржыны сыйақы ретінде ала алмайды. Қаражат бюджетке қайтарылады, – деді ведомство басшысы.
Министр мұндай шешім қабылдауға биыл шығынның көп болуы себеп болғанын айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.